Иранда хакерлер телеарна эфирін бұзды

Иранда хакерлер телеарна эфирін бұзды

Иранның мемлекеттік телеарнасына хакерлер шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешкі жаңалықтар шығарылымы кезінде экранда кенеттен «Анонимус» деп аталатын топтың бет пердесі пайда болады. Кейін хакерлер Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеидің нысанаға алынған суретін шығарады. Бұдан бөлек, шеру кезінде қайтыс болған қыздардың суреті көрсетіледі. Осының бәрі «Жастардың қазасы сендердің мойындарыңда!» деген жазбамен қатар жүрген.

Айта кетейін, хакерлердің бейнежазбасы небәрі бірнеше секундқа созылды.