Прага тұрғындары қымбатшылыққа қарсы жаппай шеруге шықты

Бұл – Чехияда соңғы екі айда өткен үшінші ірі наразылық акциясы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық биліктен инфляциямен күресте нақты шаралар қабылдауды талап етті. Жұрт инфляцияның шарықтауы халықтың әл ауқатын күрт нашарлатып жібергенін айтады. Ресми дерекке сүйенсек, Чехияда инфляция тамыз айында 17% асқан. Сарапшылар: «Дағдарысқа Украинадағы ахуал себеп», – дейді. Өйткені Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларынан энергоресурстар қымбаттап, өзге де шикізаттардың бағасы өскен. 

Милан Крайца, шеруші:

- Бұл – Чехияда 1993 жылдан бері болып тұрғын рекордтық инфляция. Дүкендердегі бағалар күн сайын өсіп жатыр. Ал электр энергиясының құны 2-3 есе қымбаттады. Бағалардың тоқтаусыз өсуінен қатты зардап шегіп отырмыз.