Киев зымырандармен атқыланды

Украина астанасы зымырандармен атқылынып, бірнеше жарылыс болды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шабуылдан 5 адам қаза тауып, тағы 12 тұрғын жараланған. Зымыранның бірі президент Владимир Зеленский кеңсесі мен Қауіпсіздік қызметіне жақын жерге түскен. Көліктер жанып, ғиамарттар бүлінген. Жарылыстардан кейін шаһар орталығы жабылып, кей метро бағытындағы пойыз жүрісі тоқтатылған. Жергілікті ақпарат құралдары Львов пен Днепропетровск қалалары да атқыланғанын хабарлады. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.