loader

Нью-Йоркке 17 мың заңсыз мигрант барған

Нью-Йоркке 17 мың заңсыз мигрант барған

Қазір Нью-Йоркте босқын көп. Осыған байланысты шаһарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі 6 айда мұнда 17 мың заңсыз мигрант келген. Билік басында Дональд Трамп болғанда, АҚШ көші-қон заңнамасын қатаңдатқан. Алайда Джо Байден президент болғалы ережелер жеңілдеді. Осыған байланысты көрші Мексикадан келетіндер көбейген. Сөйтіп бар салмақ Техас, Флорида мен Аризона штаттарына түскен. Бұл өңірлердің басшылығы президенттің көші-қон саясатына наразылық ретінде заңсыз мигранттарды автобусқа мінгізіп, екінші жақпен ақылдаспай,Вашингтон, Нью-Йорк секілді ірі қалаларға жіберетін болған. Міне, осыған байланысты қазір шаһарда босқын көп. Оларды қабылдайтын орталықтағы адам саны 60 мыңнан асады. Үштен бірі – балалар. Нью-Йорк мэрі оларды жатқызатын орын жоқ екенін айтып дабыл қағып отыр.

Эрик Адамс, Нью-Йорк мэрі:

– Қыркүйектің басынан бері қалаға күн сайын заңсыз мигранттар мінген 5-6 автобус келіп жатады. Біздің көші-қон заңдарымызды басқалар өз мүддесі үшін пайдаланады. Бұған Нью-Йорк халқы қарсы. Менің өзім де мұны құптамаймын. Осынша босқынды жібереміз, оларға жататын орын мен жұмыс тауып беріңдер деп бізбен ақыладасып жатқан ешкім жоқ. Бұл азаматтарды жайғастыратын орын тапшы. Біз оларды қонақ үйге орналастырамыз. Демалыс маусымы жақындап қалды. Онда орын тапшылығы мәселесін қалай шешеміз? Бұл дағдарысты еңсеру үшін 1 миллиард доллар бөлуді көздеп отырмыз. Алайда ол аз. Бізге федедалдық деңгейде көмек қажет.

Сондай-ақ...