Еуроодаққа заңсыз кірген мигрант көп

Биыл алғашқы 8 ай ішінде Еуроодақтың Батыс Балқан елдерімен шекарасы арқылы 86 мыңнан аса заңсыз мигрант келген екен. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есе көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бірлестікке мүше мемлекеттердің билігі ережерлерді қатаңдатуды сұрап отыр. Мәселен, баспана беру туралы сауал Еуроодақтан тыс елдерде берілуге тиіс дейді. Құжат мақұлданғаннан кейін ғана мигранттарды кіргізуге рұқсат ету ұсынылып отыр. Сонымен қоса, сауалы кері қайтарылған азаматтарды депортациялау мерзімін қысқарту мәселесі де көтерілді.