Украинада жүзден астам елді мекен жарықсыз отыр

Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылынан кейін елдің жүзден астам елді мекен жарықсыз қалды.

Бұл туралы президент кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко хабарлады. Оның айтуынша зымырандардың атқылауынан 209 нысанның тас талқаны шыққан. Оның 80-ге жуығы тұрғын үй болса, қалғаны мектеп, аурухана мен балабақшалар. Жуырда электр қуатынсыз қалған Львов тұрғындарын қала мэрі ауыз сумен қамданып алуға шақырды.  Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына 231 күн болды. Зымырандардың атқылауынан инфрақурылымнан бөлек елдің жылу электр станциялары да қираған. 

БЛИЦ

- Электр қуаты болмаса да жұмысымызды жлғастырып жатырмыз. Бізге халықты тамақтандыру керек. Бәріміз де қазіргі жағдайды жақсы түсініп отырмыз. 

- Бүгін де жарық жоқ. Өте қиын. Халық сыртқа шығуға қорқады.