Зеленскийдің сұрауы бойынша G7 саммиті өтті

Украинаның энергетикалық инфрақурылымы мен әскери нысандары Ресей зымырдарымен атқыланғаннан кейін Владимир Зеленскийдің сұрауы бойынша "Үлкен жетілікке" мүше елдердің шұғыл саммиті өтті.

Видеобайланыс арқылы ұйымдастырылған шара Зеленскийдің өзі де қатысты.   

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Біріншіден бізге қорғаныс саласында көмек қажет. Әуе шабуылына тойтарыс беру үшін жеткілікті көлемде заманауи зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі қажет. Сонымен қатар, Ресейге қарсы саяси және экономикалық қысымды жалғастыру керек. Ресей басшысымен диалог болмайды. Ол бұдан өзі бас тартқан болатын. Украина Беларуське қарсы шабуылды жоспарлаған емес, ол туралы ойламаймыз да. Бізге тек өзіміздің аумақтық тұтастығымызды қалпына келтіру қажет. Украина мен Беларусь шекарасына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық бақылаушыларды жібермекпіз. Бұл бастамамды қолдауларыңызды сұраймын.  

Самитте  G7 -ге мүше елдер ортақ мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, алпауыт мемлекеттер санкциялық қысымды күшейтіп, Украинаға қаржылай, гуманитарлық және әскери көмегін жалғастыратын болады.  

Нед Прайс, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы:

- Украинаның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі қанша зымыранды қағып түсіргенін білеміз. Біз Киевтің бұл мүмкіндігін одан әрі арттыруға , әрі қолдауға дайынбыз. Өйткені бұл шабуылдар аймақтағы  тұрғын үйлер, білім мекемелері мен балабақшалардың түгін қалдырмай қиратып жатыр.

Жуырда Канада билігі де Украинаға әскери көмек көрсететінін жария етті. Елдің қорғаныс министрі Анита Ананд украиналық саперлерді дайындайтын арнайы мамандарды жіберетінін айтты.

Анита Ананд, Канаданың қорғаныс министрі:

- Жақын арада Польшаға 40 әскери инженер аттанады. Олар украиналық саперлерді дайындап, оқу жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар Польша билігін Украинаға көрсетіп отырған көмегі үшін алғысымды білдіремін.