АҚШ халқын ковидке қарсы ревакцинация жасауға шақырды

АҚШ билігі ел тұрғындарын ковидке қарсы қайта екпе алуға шақырды. Дәрігерлер мерекелердің алдында дерттің ушығуын болдырмау үшін осындай шешімге келген.

Ақ үйде осылай деп мәлімделді. Мамандардың айтуынша  алдағы уақытта эпидемиологиялық ахуал күрделенуі мүмкін. Мәселен, ауруды алдын алу және бақылау орталығының мәліметіне сай вирусқа қарсы жаңартылған вакцинаны 12 млн америкалық еккен. Препарат Ковид-19 дертінің бірнеше штамынан қорғай алады.    

Ашиш Джа, Ақ үйдің COVID-19 бойынша үйлестірушісі:

- Біз вирустың алдында дәрменсіз емеспіз. Аурудың алдын алу үшін қазірден бастап дайындалуымыз керек. Өйткені алда қыс мезгілі бар. Күтіп отырмай екпені еге бастаңыздар. Осыйлайша көптеген адамның өмірін аман алып қаламыз.