Украинада үш жылу электр станциясына зақым келді

Ресейдің шабуылы салдарынан Киевтегі 3 жылу электр орталығына зақым келіп, бүкіл қала жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зымыран соққыларынан шаһардағы су құбырлары да айтарлықтай зиян шеккен. Осындай ахуалға байланысты ел үкіметі тұрғындарды кешкі бес пен он аралығында электр қуатын қоспауға шақырды.