loader


ЕО энергетика министрлері Прагада бас қосты

Саясаткерлердің кездесуіне аймақта ушыққан энергетикалық дағдарыс себеп. Жиында Еурокомиссияның газды бірлесе сатып алу ұсынысы пысықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар газдың шекті бағасы да жан - жақты талқыланды. Нақты шешім келесі аптада өтетін Еуроодақ көшбасшыларының саммитінде жарияланбақ.

Айта кетейік, Еуропалық одаққа мүше елдердің жерасты газ қоймалары әлі де толған жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бельгия мен Германия ғана өз қорын 100% толықтырған. Италия мен Францияның жағдайы да жақсы. Ал Латвияның жерасты газ қоймалары тек 54% толған

Сондай-ақ...