Франция Германияға газ жеткізеді

Франция алғаш рет табиғи газды Германияға жөнелте бастады. Берлин болса өзінің энергия қорын әртараптандыруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Германиядағы газ қоймалары 95% толғанмен биліктің айтуынша тұрғындарға қыста газды үнемдеуге тура келеді. Қос елдің энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі келісіміне сәйкес Франция Германияға газ жеткізсе, Берлин Парижді электр қуатымен қамтамасыз етуі керек.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Біз алғаш рет шығыс Еуропаға газ экспорттайтын боламыз. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы қыс суық болса, Германияға газ жеткізу мәселесі бойынша барынша көмектесеміз.