Аргентинада инфляция 100%-тен асуы мүмкін

Әлемді қымбатшылық жайлап барады. Бұған басты себеп, әрине, Украинадағы шиеленіс. Өйткені энергия тасымалында кедергі көбейіп, баға да өскен. Пандемияның әсері болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар биыл Аргентинада инфляция деңгейі 100 пайыздан асады деп болжайды. Ауқатты Еуропа елдері де қымбатшылықтың ауыртпалығын тартып отыр. Солардың бірі – Германия. Бес аргентиналықтың екеуінің тұрмысы жұпыны. Яғни 46 миллионға жуық тұрғынның 18 миллионнан астамы кедей-кепшік. Бұл былтырғы статистика. Биылғы көрсеткіштер одан да нашар болатын түрі бар. Өйткені жыл соңында инфляция деңгейі 100 пайыздан асып кетуі мүмкін дейді сарапшылар. Болжам расталса, бұл 1990 жылдағы гиперинфляциядан кейінгі ең күрделі жағдай болғалы тұр. Қазірдің өзінде көрсеткіш 80 пайызға жуықтайды. Латын Америкасындағы бұл мемлекет 2018 жылдан бері күрделі экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Оның үстіне пандемия ахуалды одан әрі ушықтырып жіберді.

ГЕРМАНИЯҒА РЕЦЕССИЯ ТАЯП ҚАЛДЫ

Еуропада да жағдай күрделі. Әрине мұнда инфляция Аргентинадағы 3 таңбалы санға жетпейді. Дегенмен қыркүйектің қорытындысы бойынша Германияла ол 10 пайызды көрсетті. Бұл 1990-шы жылдан бері болмаған жағдай. Келесі жылы ел экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін деген болжам бар. Бұған Украинадағы шиеленіс әсер еткен. Соның салдарынан энергия тасымалдаушылардың ақысы шарықтап кетті.

Сондай-ақ...