Иран түрмесінен өрт шықты

Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ. Алайда жергілікті ақпарат құралдары 8 адамның жарақат алғанын мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлер атыс дыбыстары естілгенін айтады. Кейбір мәлімет бойынша сотталушылардың бірі қасақана өрт қойған болуы мүмкін. Оқыс оқиға болған түрмеде саяси тұтқындар, шетелдіктер мен қос азаматтығы бар адамдар жазасын өтеп жатыр. Халықаралық құқық қорғаушылар мұндағы сотталушыларға азап көрсетілетіні туралы бұрыннан бері айтып келеді. Былтыр жазда хакерлер осы түзету мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілерді ұрып-соғып жатқан бейнежазбаларды жария еткен еді.