Түркияда шахтада жарылыс болды

Түркияда көмір шахтасындағы жарылыс құрбандарының саны 41 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға екі күн бұрын елдің солтүстігінде болған. Жарылыс кезінде жер астында 100-ден аса адам жұмыс істеп жатқан. Біразы өз бетінше, енді тағы басқаларын құтақарушылар алып шыққан. Төтенше жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша шахтадағы метан газы, жарылса керек. Кеше оқиға орнына президент барған. Режеп Тайып Ердоған қайтыс болғандардың жақындарына мемлекеттен көмек бөлінетінін айтып, жарылыс үшін кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізді.