Швейцарияда роботтар байқауы өтті

Швейцария өзінің технологиядағы жетістіктерімен таң қалдырып келеді. Жақында Женевада мектеп оқушылары арасында Халықаралық робото-техника байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерден бала қиялынан туған әртүрлі роботтарды көруге болады. Оларды оқушылар бірнеше ай бойы құрастырған екен. Халықаралық ерекше шараға, әлемнің түкпір-түкпірінен 180 команда жиналды. Биылғы байқаудың басты тақырыбы –жаһандық жылынуға қарсы күрес.