Үш мемлекет Украинадағы елшіліктерін жапты

Сербия, Египет пен Қытай Украинадағы елшіліктерін уақытша жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдердің билігі шұғыл түрде өз дипломаттарын отанына қайтуға шақырып отыр. Апта басында Украинаның бірнеше ірі қаласы зымыранмен атқыланған еді. Қазір барлық облыста дерлік әуе дабылы жарияланған.