Вашингтонда Түркі халықтарының фестивалі өтті

Жиналған көпшілік қауымға қазақ, түрік, өзбек, әзербайжан және ұйғыр халқының өнері мен мәдениеті кеңінен таныстырылды.

Фестивальге Америкада тұратын қазақстандық белсенді азаматтар қатысып, ұлттық мәдениетімізді паш етті. 2017 жылы Вирджиния штатында қазақ қаздарынан құралған «Гүлдер» би тобы мұхиттың ар жағында осындай үлкен шараларда өнер көрсетіп жүр. Бұл жолы белсенді өнерпаздар «Ата толғау», «Жаркент бағы» және «Мейрам» биін көпшілікке ұсынды. Би соңы әдемі шашуға ұласып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айгүл Әлімханова, көрермен

- Біздің ұлттық киіміміз қандай әдемі! Қуаныштымыз. Арнайы отбасымызбен келіп отырмыз.

Маша Крускал, АҚШ тұрғыны:

- Біз қазір Капитолийдің маңындамыз. Сол жағымызда ұлттық мәдениет галереясы бар, бұл – Вашингтонның орталығы. Биыл осы шараға Қазақстанда қатысыпты, бұған дейін қатысқаны есімде жоқ. Келешекте де осындай әдемі халықаралық фестивальде қуанта береді деп сенеміз.