Киевке әуеден шабуыл жасалды

Киев қаласы қайта әуе шабуылының астында. Шаһар мэрі Виталий Кличко өзінің Телеграмм каналында қаланың Камикадзе дрондарымен атқыланғанын жазды.

Атыс-шабыстан тұрғын үйлердің тас-талқаны шыққан. Кей ғимараттар өртеніп жатыр. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпар жоқ. Аймақта әуе шабуылы дабылы соғылды. Ақпарат көздері Одессада да жарылыстар болғанын хабарлайды. Сонымен қатар Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс та күш алуда.