Биыл АҚШ-та атыстан қаза тапқан балалар мен жасөспірімдер саны артқан

Арнайы статистика жүргізетін сайттың мәліметі бойынша жыл басынан бері елде 540-тан аса жаппай оқ ату оқиғасы тіркеліп, жүздеген адам қаза тапты.

Соның ең соңғысы – Солтүстік Каролина штатында. 15 жастағы жасөспірім, бес адамды атып өлтіріп, екі тұрғын ауыр жарақат алды. АҚШ президенті Джо Байден қара жамылған отбасыларға көңіл айтып, қару-жарақты бей-берекет сатуға тыйым салуға шақырды. Биыл Буффало мен Джувальдеде ондаған оқушының өмірін қиған жаппай қырғыннан кейін Байден әкімшілігі жартылай автоматты қаруларды 21 жасқа толмаған тұрғындарға сатуды шектейтін заң қабылдады. Себебі Бейбіт күнде бейкүнә жандар оққа ұшатын қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Солтүстік Коралинада жасөспірімнің жұртшылыққа неге оқ жаудырғаны әзірге белгісіз.