Беларусь шекарасындағы қауіпсіздік күшейтілді 

Беларусь билігі Украинамен шекаралас аймақтағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің мемлекеттік шекара комитеті осылай деп мәлімдеді. Бақылау-өткізу бекеттеріне қосымша әскерилер мен техника тартылуда. Шекарадан өткен барлық көліктер жіті тексеріліп жатыр. Сонымен қатар көпірлер, жолдар мен теміржолдар қатаң бақылауға алынды. Елдің қорғаныс министрлігі шара кез келген диверсия мен арандатушылықтың алдын алу үшін әрі жергіліктің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған дейді.

Евгений, рота командирі:

– Бекеттердегі басты міндет шекарадан өткен барлық көліктерді жіті тексеру. Әскерилер 3 ауысыммен жұмыс істейді. Төтенше жағдай кезінде қарсыласқа тиісті шабуыл жасалады. Одан бөлек заңсыз әскери құрылымдар мен көліктерге қарсы әуеден , жерден төтеп беру үшін күнделікті оқу-жаттығу жұмыстары жүреді.