Ресейде қаза тапқандардың саны артты

Ресейдің Ейск қаласындағы әскери ұшақтың көпқабатты үйге құлауынан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде 10 адамның денесі табылғаны белгілі болды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы 19 адам жараланып, 68 тұрғын құтқарылған. Ресейдің Қорғаныс министрлігі ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырағанын айтады. Екі экипаж мүшесі уақытылы ұшақтан секіріп үлгерген. Мамандардың айтуынша, көліктің қозғалтқышы істен шыққан. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Елдің тергеу комитеті апаттың мән-жайын анықтап жатыр.