Германияда ұшқыштар ереуілге шықты

Германияда «Еуровингс» лоукостерінің ұшқыштары үш күндік ереуілге шықты.

Ол ұлттық әуетасымалдаушы Люфтганзаның еншілес компаниясы. Кеше жоспарланған 480 рейстің жартысы орындалған жоқ. Арасында ішкі және халықаралық рейстер де бар. Ереуілдің бірінші күні 17 мың адам жолынан қалды. Компания оларға пойызбен жеткізу немесе өзге күнге билеттерін ауыстыруды ұсынған. Айта кету керек, ұшқыштар осы айда екінші рет ереуілге шықты. Еуровингс қзыметкерлері ұшқыштардың жұмыс сағаттарын қысқартып, жылдық демалыстарына 14 күнді қосуды талап етіп отыр.