Украина дрондарға төтеп бере алады – НАТО

Украина алдағы күндері камикадзе дрондарымен күресу жүйелерін қолға алады. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде ол Берлинде өткен қауіпсіздік конференциясында айтты. Украинаға ұшқышсыз басқарылатын дрондармен күресу үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі қажет. Сол кезде олар дрондарға төтеп бере алады. Мамандардың сөзіне сенсек, таяуда ұшу аппараттары елдегі электр станцияларының үштен бірін жойып тастаған.