Еуропада биылғы күз ерекше ыстық болып тұр

Францияның оңтүстік-батысында жаздағыдай күн райы жып-жылы.

Ауа райын болжаушылар: «Осы аптада температура 30 градустан асуы мүмкін», – дейді. Жергілікті тұрғындар болса, бұған дән риза. Олардың айтуынша, осы мезгілде әдетте күн суытып кететін. Әлі күнге дейін Тулузадағы Гаронне өзеніне кейбіреулер тіпті шомылып жүр. Бордода да ауа райы қазір айтарлықтай ыстық. Мамандар мұндай ерекше құбылысты жаһандық жылынумен байланыстырады.

Синоптиктердің айтуынша, температураның көтерілуіне Африканың солтүстік-батысынан келетін жылы ауа массалары себеп. Елде құрғақшылық белең алып, жергілікті билік бұл жағдайға алаңдаулы. Күзгі ыстық толқын Ұлыбританияға дейін Батыс Еуропаны қамтып отыр.

Сондай-ақ...