Аргентинада қоршаған ортаны қорғаушылар шерулетіп жатыр

Экобелсенділер Буэнос-Айрес көшелерінде наразылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайлы Хабар24.

Соңғы деректерге сәйкес, шеруге  жүздеген адам қатысты.  Халық қоршаған ортаны қорғау үшін күні-түні дамылсыз жұмыс істейтін қарапайым жұрттың жалақысын көтеруді талап етті. Олар көшелерде  шыны, пластмасса қоқыстарын жинаудан шаршадық  дейді. Наразылық шарасы дүниежүзілік мэрлер саммитімен тұспа-тұс келді.  Буэнос-Айресте климаттың өзгеруіне қатысты халықаралық ынтымақтастықты талқылау үшін 100 қаланың өкілдері кездесті. Олар Париж келісімінің жаһандық жылынуға қарсы жоспарын әзірлеуде.