Чилиде ақша шашылып жатыр

Батыс елдерде инфляция шарықтап, халық ақша тапшылығынан қиындық көріп жатса, Чилиде ақша жолда шашылып жатыр.

Сантьягода қарақшылар ұрланған ақшаның бір бөлігін тас жолға құлатып алған. “Рейтер” агенттігінің таратқан видеосыннан көліктен бір сөмке көшеге түсіп, шашылып қалғанын анық көруге болады. Тосынсыйға дән риза жүргізушілер көліктерін тоқтатып, шашылған олжаны терумен әлек. Жергілікті БАҚ өкілдері қылмыскерлер 8 млн доллар ұрламақ болғанын хабарлады. Полицияның деректеріне сәйкес, ақша иесіне қайтарылып, қылмысқа қатысты 6 күдікті тұтқынға алынған.