Өзбекстанда әскери қоймада жарылыс болды

Өзбекстанның Сырдария облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан 3742 ғимарат бүлінген.

Бұл туралы жергілікті gazeta uz басылымы хабарлады. Үйлердің терезесі сынып, есіктері қираған. Жарылыс кеше түнде Мәлік кентіндегі әскери қоймада болған. Одан 16 адамның зардап шеккені белгілі. Алайда апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.