Иркутскіде құлаған ұшақтың ұшқыштары қаза тапты

Иркутскіде тұрғын үйге құлаған әскери ұшақтың екі ұшқышы да қаза болды.

Су-30 ұшағы әуе зауытынан шығып, Ново-Ленино ықшам ауданында апатқа ұшыраған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар зардап шеккен жоқ. Апат орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Жергілікті биліктің хабарлауынша апаттан кейін 150 үй жарықсыз қалған. Естеріңізге салайық, осыдан бір апта бұрын ғана осы Ресейдің Ейск қаласында Су-34 әскери ұшағы апатқа ұшырап 9 қабатты тұрғын үйге соғылған еді. Ол кезде 15 адам опат болған. Арасында 3 бала бар.