Ұлыбританияның жаңа Премьер-министрі сайланды

Риши Сунак Ұлыбританияның жаңа Премьер-министрі болып сайланады. Оның жаңа лауазымы жақын арада ресми түрде жарияланады. Бұл туралы The Guardian мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша 42 жастағы этникалық үндіс Қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мортон өз кандидатурасын алып тастағаннан кейін жалғыз үміткер болып қалған. Бұған дейін саясаткер Ұлыбританияның қаржы министрі қызметін атқарған.

Айта кетейік, Біріккен корольдіктің бұрынғы премьер-министрі Лиз Трасс қазанның 20-сы күні отставкаға кетті. Ол бұл қызметте 45 күн ғана болған. Оның кетуіне елді басқару кезіндегі сәтсіз шешімдер себеп. Ал бұрынғы премьер Борис Джонсон Премьер-министр лауазымына өзін ұсынудан бас тартыпты.

Сондай-ақ...