Францияда литий кен орыны ашылғалы жатыр

Францияда литий кен орыны ашылғалы жатыр

Францияда Еуропадағы ең ірі литий кен орыны ашылғалы жатыр.

Жоспар бойынша мұнда 2027 жылға таяу жылына бұл металдың 34 мың тоннасы өндірілуге тиіс. Ол 700 мың электрмобильді жабдықтауға қажетті аккумулятор батареяларын жасауға жеткілікті.

Айта кеткен жөн, кейінгі уақытта литийге деген сұраныс айтарлықтай артқан. Өйткені онсыз электрмобильдерді өндіру мүмкін емес. Қазір Еуропада металдың ең ірі кен орны Германияда орналасқан. Сербия мен Португалия да литий өндірісі бойынша алдыңғы қатарға шығуға ниетті. Алайда оған жергілікті жұрт рұқсат бермей, ереуілдетіп жатыр.