loader


Еуропаның екі елінде ауа райы жұртты әбігерге салды

Францияның солтүстік-батыс аумағында жойқын торнадо ойран салды.

Табиғаттың тосын мінезінен Сомма мен Па-де-Кале департаменттері зардап шеккен. Бір адамның жарақат алғаны белгілі. Тағы 150-ге жуық тұрғын уақытша баспанаға эвакуацияланды. Желдің екпіні сағатына 200 шақырымға дейін жетті. Қатты дауыл ондаған тұрғын үйдің шатырын ұшырып, жолдағы көліктерді аударып, ағашарды құлатқан. Қазір дауылдың күші бәсеңдеп, аймақта тазарту жұмыстары басталды. Бірақ синоптиктер алдағы уақытта тағы бір дауыл соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Дауылдан теміржол қатынасы тежелді

Ұлыбританияның оңтүстігі мен шығысында да қатты жел мен жауын-шашын жергілікті халықты әбігерге салды. Табиғат апатынан аймақта қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Лондон мен тағы бірнеше өңірде су тасқыны басталған. Салдарынан көлік қатынасы тежеліп, кей пойыздар сапарына шығы алмай қалды.

Сондай-ақ...