Мереке кезінде Үндістанда ауа ластанды

Мереке кезінде Үндістанда ауа ластанды

Үндістанда мереке берекелі болмай тұр. Нью-Делиде тыйым салынғанына қарамастан, «Дивали» мерекесі аясында халық аспанға от шашқан. Бұл ауаның күрт ластануына әкеп соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, оның көрсеткіші «ең нашар» деңгейге жеткен. Көптеген ғимараттар, соның қатарында президент сарайын да көк түтін басты. Тұрғындардың тіпті тынысы тарылып, көбі дәрігерге жүгінген. Билік өкілдері өткен аптада мереке кезінде отшашу жасағандар 6 айға дейін қамауға алынады деп ескерткен екен. Бұл ауаның ластануына қарсы шаралар екенін айтты мамандар.

Айта кетейік, Нью-Дели әлем бойынша ауасы ең лас қалалардың қатарында көш бастап тұр.