Ұлыбританияда Лиз Трасс үшін жәрдемақы қарастырылған

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Лиз Трасс бұл қызметінде небәрі 44 күн болса да, енді өмірінің соңына дейін жыл сайын 115 мың стрелинг фунты көлемінде жәрдемақы алып отыруға құқылы.

Бұл теңгеге шаққанда 60 миллионнан асады. Блумберг агенттігінің хабарлауынша, саясаткер бұл ақшаға қоғамдық жұмыстар жүргізуі тиіс. Алайда соның өзінде де қазір қоғамда жәрдемақыны басқа мақсатқа жұмсау керек деген бастамалар көтеріліп келеді.

Айта кеткен жөн, елді басқару кезіндегі сәтсіз шешімдерге байланысты 20-шы қазанда Лиз Трасс отставкаға кететінін жария етті. Сөйтіп ол британдық премьер-министр қызметін ең қысқа мерзім атқарған саясаткерге айналды.