АҚШ-та қыста індет қайта өршуі мүмкін

АҚШ-та қыста індет қайта өршуі мүмкін

Америкалық мамандар да тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырып отыр. Өйткені қыста індет қайта өршуі мүмкін деген қауіп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті жұрт бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бұған өткен аптадағы статистика дәлел. Оған сәйкес 20 миллион адам, яғни әрбір бесінші егде жастағы америкалық жаңарған вакцинаны салдырған. Мамандар препараттың омикрон мен оған дейінгі штамдарға қарсы қорғаныс әсері барын айтады. АҚШ-та коронавирусты аптасына 260 мыңнан аса адам жұқтырып, 2 жарым мыңы қайтыс болған. Мұның өзі алаңдатарлық көрсеткіш. Сондықтан қысқа қарай вирус қайта белең алса, жағдайдың тіптІ ушығып кететін түрі бар дейді мамандар.

Ашиш Джа, Ақ үйдің COVID-19 жөніндегі үйлестірушісі:

– Сондықтан біздің жаңа вакцина осы қыста аурудан сақтайтын жақсы қорғаныш болуы тиіс. Жаңа ғана Ақ үйдің ресми өкілі мен президент айтқандай, америкалықтардың басым бөлігі вирустың вакцинасын тұмау екпесіндей жыл сайын алып отыруы керек.