Грекияда туризм қайта жанданды

Қазір бұл ел осы саладан түсетін табыстың рекордтық көрсеткішін жаңартуға жақын.

Былтыр Грекияда коронавирус пандемиясының салдарынан қонақүйлер мен мейрамхана иелерінің көбі тығырыққа тіреліп, сала күйрей жаздаған еді. Биыл да сондай қауіп болды. Себебі тауар бағасы қымбаттап кетті. Бірақ соған қарамастан, елге саяхатшылар ағылып, туризм саласы біршама қарқын алған. Грекия банкі келтірген мәліметке сәйкес, жыл басынан бері елге 19 миллион адам келген. Бұл өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 120 пайызға көп. Айта кетейік, туризм саласы Грекияның жалпы ішкі өнімінің бестен бірін құрайды.