Мал ауруының алдын алу үшін не істеу керек?

Бүгінде отандық ғалымдар жануарларда кездесетін аса қауіпті инфекцияларды жіті зерттеп жатыр.

Мысалы, қазірдің өзінде сібір жарасының 70-ке жуық штаммы анықталған. Бұл кеселдің адамға жұғу қаупі  жоғары. Жалпы малға індет қайдан жұғады? Мал ауруының алдын алу үшін не істеу керек? Ғалымдар не дейді? 

Қазақстандық ғалымдар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мал ауруларын зерттеуді қолға алды. Сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, аусыл, листериоз қауіпті ауруларға ерекше мән беріліп отыр.

Мәселен бруцеллез кеселі оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Бұл індет малдан адамға жұғып дене мүшелерін зақымдайды. Ауруды қоздыратын бактериялар төмен температурада ұзақ уақыт тіршілік етеді екен. Шикі сүтте 10 күндей, сары майда 4 аптадан астам, ал  етте 12 күнге дейін сақталады. 

Қасым Мұқанов, ғылыми қызметкер:

- Сібір жарасы деген ауру бар. өте қауіпті ауру. Оның қоздырушысы сыртқы ортада 100 жылға дейін сақталады. Оны дер кезінде анықтап, қалай таралады соны зерттеу өте маңызды болады. Қазір иммунды-ферменттік анализ, полимераздық тізбектік реакция арқылы осы індеттерді зерттеп, кең көлемде зерттеп,қай облыста қалай таралып жатыр, қандай шара қолдану керек? соны ветеренарияя саласына, жасаған әдістерімізді лабораторияларға енгізіп, соны практикаға қолдануға мүмкіндік жасап жатырмыз.

Бұрын зерттеу жұмыстары 3 жылға жүргізілсе, қазір 2 күннің ішінде инфекцияны анықауға болады. Қазір генетикалық материалды геномдық зерттеу арқылы вирустың кез-келген түрін анықтауға мүмкіндік бар дейді,-ғалымдар. Осылайша аурудың таралуына жол бермейді.

Александр Шевцов, ҰБО Қолданбалы генетика зертханасының меңгерушісі:

- Біз ретроспективті зерттеулер жүргіземіз, яғни ошақ пайда болғаннан кейін. Бізде әрбір ғылыми жоба үш жылға созылады, бірақ қазір геномдық декодтаудың заманауи әдістері геномдық деректерді алуға және екі күн ішінде генетикалық әртүрлілікті бағалауға мүмкіндік береді.  

Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулар көп жағдайда кене, бүрге сынды қансорғыш жәндіктер арқылы тарайды. Сондықтан ветеринарлық іс-шараларға да уақытылы мән беру қажет.

Наргиз Бекмағанбетова, Ырыстанбек Оспанов