Колумбия полициясы алтын қоспасын судан сорып алатын кемелерді жойды

Колумбия полициясы заңсыз алтын өндірісімен айналысатындардың ізіне түсті.

Арнайы операция барысында су астынан гидроқоспа түріндегі топы­рақты сорып алатын 7 кеме жойылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай техника Колумбияға Бразилия арқылы  жеткізіледі. Заңсыз алтын өндірісінен өзендер сынаппен ластанып, бұдан табиғат та, адамдар да зардап шегіп жатыр.