Ғалымдар ірі қара мал үшін арнайы пробиотик ойлап тапты

Жаңа зеландиялық ғалымдар ірі қара мал үшін арнайы пробиотик ойлап тапты.

Ол малдың қиын азайтуға көмектеседі. Ол үшін әлгі пробиотикті күн сайын сиыр мен бұзаудың азығына қосу қажет. Мамандардың айтуынша, мұндағы мақсат шаруа қожалықтарындағы биологиялық метан мөлшерін азайту. Айта кетейік, бүгінде Жаңа Зеландияда парниктік газ шығарындыларының жартысына жуығы мал шаруашылығы қалдықтарының үлесінде. Осыған байланысты ел үкіметі мұндай қалдықтарға салық салу жоспарын бекіткен болатын.