Германияда инфляция кейінгі 70 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Қазанда ол көрсеткіш 10 проценттен асып кеткен. Былтырмен салыстырғанда, елде азық-түлік бағасы 20 процентке өскен. Электр энергиясы тіптен 43 процентке қымбаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың алдағы айларға жасап отырған болжамы көңіл көншітпейді. Олар жыл соңында инфляция деңгейі тағы да рекордтық көрсеткішке жететінін айтады. Қазір Германиядан бөлек Еуроодақтың өзге елдерін де қымбатшылық қысып барады. Оған Украинадағы шиеленіс салдарынан энергия көздері бағасының өсуі себеп.