Қытайда вирустан қорғану үшін ингаляциялық вакцина қабылдайды

Қытай тұрғындары енді коронавирустан қорғану үшін екпе салдырмай-ақ ингаляциялық вакцина қабылдай алады. Бұл – дем арқылы әсер ететін әлемдегі ең алғашқы препарат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол дәрі егуден қорқатын адамдар үшін жақсы мүмкіндік. Оның үстіне аз уақытты алады. Бар болғаны 20 секунд қана қажет. Әзірге препарат тек Шанхай тұрғындары үшін ғана қолжетімді. Айта кеткен жөн, бұған дейін Ресейде мұрынға себетін вакцина жасап шығарылған. Бұл «Спутник Ви» екпесінің бір түрі. Бүгінде оны Мәскеу тұрғындары қабылдай алады.