Чехия астанасы Прагада ауқымды шеру өтті

Шеруге қатысқандар энергия бағасын арзандатып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдарына ту ұстаған халық күні бойы «қымбатшылықты тоқтатыңдар» деп ұрандатумен болды. Чехияда мұндай шеру бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Қыркүйекте екі рет ірі ереуіл өткен еді. Сол кезде көшеге 70 мың адам шыққан болатын.