Оңтүстік Кореяда Хэллоуинды мерекелеу кезінде 153 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде Хэллоуинды мерекелеу кезінде 153 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жарақат алған. Қайғылы жағдай Итхэвон ауданында болған. Ел президенті шұғыл жиналыс өткізіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Құтқару қызметіне алғашқы қоңырау 22:15-те түскен.  Адам көп болғандықтан. Өрт сөндірушілер мен дәрігерлер оқиға орнына көлікпен жете алмады. Хэллоуинды атап өтуге 100 мыңдай адам жиналған екен. 

Қайғылы жағдай Итэвон ауданында болған. Мұнда әдеттегідей шетелдіктер көп болады. Бұл жерде бұрын америкалық әскери база орналасқан еді. Көшеге сыймаған халық бір-бірін итеріп, құлағандарды таптап кеткен.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, осы жерге Кореяда танымал кейпоп жұлдыздарының бірі келген екен. Соны көрем деген жұрт бір-бірін басып, мерт болған. Алайда бұл ақпаратты полиция растаған жоқ.

Астана уақытымен таңғы сағат 5:00-дегі мәлімет бойынша 153 адам қаза тауып, 76 адам жарақат алған.  Мерт болған адамдардың арасында екі шетелдік бар.  Олардың азаматтығы нақтыланып жатыр.  Сеул ауруханаларында орындар жеткіліксіз, сондықтан зардап шеккендерді - Кёнги провинциясына жеткізді. Ел Президенті Юн Сок Ёл оқиғаны мұқият тергеуді тапсырды. Соңғы жылдары Хэллоуин, жалпы Батыс мәдениеті оңтүстік кореялық жастар арасында кеңінен тарай бастаған.  Сондықтан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында жасөспірімдер мен жастар көп.