Токиода аты-жөні бірдей 178 адам бір уақытта бір жерге жиналды

Токиода ерекше шара өтті.

Жергілікті театрлардың біріне Танака Хирокадзу есімді 178 тұрғын келді. Осылайша жапаондықтар аттастардың ең ірі кездесуін ұйымдастырып, Гиннес рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд АҚШ-та тіркелген. Ол кезде Мартам Стюарт есімді 164 адам бір жерге жиналған екен.