Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

Израильде ертең кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді.

Саяси дода соңғы үш жылда бесінші рет өткелі  тұр. Сайлауға 40 партия қатысады. Бірақ негізгі тартыс қазіргі Премьер-министр Яир Лапидтің "Йеш атид" партиясы мен бұрынғы үкімет басшысы Беньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы арасында жүреді деген болжам бар. Сарапшылар Нетаньяхудың әсіре ұлтшылдармен бірігіп жеңіске жетуге мүмкіндігі мол деп отыр.

Гайил Талшир, саясаттанушы:

- Нетаньяху билікке қайта орала ма? Қазір израильдіктерді көп мазалап отырған мәселе осы. Себебі ол ұлтшылдармен біріккелі отыр. Бұл елдегі демократияға қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ атқарушы билік пен сот арасындағы тепе-теңдік өзгеруі ықтимал.