Әлемде мұнайға сұраныс артады

Әлемде мұнайға сұраныс барған сайын артып барады. 2045 жылға қарай тәулігіне 110 миллион баррельге қажеттілік туындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

ОПЕК сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Бұдан бөлек, мамандар климаттың өзгеруіне байланысты алаңдаушылыққа қарамастан қара алтын жаһанда басты энергия ресурсы болып қала беретінін айтады. Мысалы биылдың өзінде мұнайға деген сұраныс – тәулігіне 100 миллион баррель. Бірнеше апта бұрын ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің тәуліктік межесін 2 миллион баррельге қысқартуға келіскен болатын.

Хайтам әл-Гейс Opec, бас хатшысы:

– 2045 жылға қарай дүниежүзінде энергияға сұраныс 23 процентке дейін өседі. Бірақ біз қазір бұл салаға инвестиция жеткіліксіз дәрежеде құйылып жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан осы мәселеге көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі ғаламдық энергетикалық жүйенің тұрақтылығы осыған байланысты.