Грекия жағалауында суға кеткен қайықтан 9 адам құтқарылды

Грекия аралдарында қайық суға батып, ондаған мигрант із-түзсіз жоғалды.

Қолда бар деректерге сүйенсек, 9 адам құтқарылды. Оқиға Эвия аралында болған. Полицияның дерегінше, қайықта бас-аяғы 68 адам болған. Іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақтар мен ондаған адам жұмылдырылды. Айта кетейік, 2015-2016 жылдары Грекия арқылы Еуропаға Сирия, Ирак, Ауғанстандағы қарулы қақтығыстарға байланысты мигранттар ағылған болатын. Алайда соңғы жылдары елге келуші босқындардың легі азайған.  Десе де,  таяуда шекара қызметі мигранттар қайта көбейді деді.