Lufthansa компаниясы бортсеріктердің жалақысын өсіретін болды

Lufthansa әуе компаниясы бортсеріктердің жалақысын өсіретін болды.

Ол 19 мың адамды қамтиды. Компания өкілдері жуырда жолсеріктер кәсіподағымен тиісті келісімге қол қойды. Оған сәйкес, базалық жалақы келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап 250 еуроға артады. Ал шілдеде тағы 2,5 пайызға көтеріледі. Айта кетейін, өткен аптада аталған әуе компаниясы ағымдағы жылдың үшінші тоқсаны табыспен аяқталғанын хабарлаған еді. Кіріс екі есе артып, індет кезіндегі дағдарысты еңсергенін жариялады.

Сондай-ақ...