Нигериядағы тасқын көрінісі: спутниктік суреттер жарық көрді  

Нигериядағы алапат тасқын көрінісін бейнелейтін спутниктен түсірілген суреттер жарық көрді. Maxar жариялаған мына кадрлардан жойқын апаттың көлемінің кеңдігін көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мамандар елге келтірілген шығын мөлшерін анықтау үстінде. Айта кетейік, биыл Африканың батысы мен орталығында орналасқан 19 елге маусым айында басталған жауын-шашын ауыр соққы берді. Төпелеп жауған нөсер алапат тасқын мен лай көшкініне айналды. Нигерияның өзінде кемі 600 адам опат болып, 1 млннан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Апат салдарынан елде тырысқақ ауру өршіп барады.