Португалияда технология фестивалі өтіп жатыр

Еуропада ірі технология фестивалі өтіп жатыр.

Ерекше шараны тамашалау үшін мыңдаған адам Лиссабонға ағылып келді. Web summit деп аталатын жиында технология арқылы әлем елдеріндегі қақтығыстармен қалай күресу керектігі талқыланбақ. 3 күндік фестивальге 70 мың адам қатысып, 900-ге жуық маман сөз сөйлейді деп жоспарланған. Шараға әлемдегі беделді компания Microsoft Corp басшысы және Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушысы сияқты танымал тұлғалар келеді. Сондай-ақ 2 мыңға жуық стартап жобалардың мамандары болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлем елдерінде шараға деген қызығушылық  жыл санап артып келеді.