Швейцарияда ерекше түсті гауһар тас сатылымға қойылады

Швейцарияда ерекше қызғылт түсті гауһар тас Кристис аукцион үйінде сатылымға қойылады.

Ұйымдастырушылар салмағы 18 карат әшекей саудасынан 35 млн доллар табыс келетініне сенімді. Мамандар сирек кездесетін әшекейді нағыз шебердің қолынан шыққан олжа деп бағалап отыр. Айта кетейік, ең үлкен ақшыл қызғылт 19 каратты гауһар тас 2018 жылы сатылған еді. Ол кезде құнды зат 50,5 млн долларға саудаланып, әлемдік рекорд орнатқан.

Макс Фосетт, Christie’s зергерлік бөлімнің басшысы:

- Бұл аукционда сатылымға шыққан алмұрт пішінді ең үлкен ақшыл қызғылт гауһар тас болып саналады. Оған қазірдің өзінде коллекция жинайтындар ерекше қызығушылық танытып отыр. Өйткені бұл өте таза әрі сирек кездесетін бұйым.